«Самұрық-Қазына» қолдауымен Венеция биенналесінде қазақстандық 11 шебердің туындылары көрсетілді
🌟Италияда өткен 61-ші La Biennale di Venezia халықаралық көркемөнер көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Бас демеуші ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» қоры қатысты.
140 жылға жуық тарихы бар Венеция биенналесі жаһандық арт-диалогтың негізгі алаңы саналады. Екі жылда бір рет өтетін көрме әлемнің жетекші суретшілерін, кураторларын және мәдени институт өкілдерін жинап, заманауи өнердің күн тәртібін айқындайды.
❗️Биыл Қазақстан атынан Сырлыбек Бекботаның «Qoñyr: Тыныштық мұрағаты» көрме жобасы ұсынылды. Экспозиция заманауи өнер арқылы естеліктер, дәстүрлер жалғастығы, тыныштық пен тарих тұңғиығы тақырыптарын ашады. Павильон 9 мамырда жұмысын бастады. Қазақстандық 11 шебердің туындылары қойылған көрмені күн сайын шамамен 1000 адам тамашалайды. Көрме 2026 жылдың 22 қарашасына дейін жалғасады.
🌿Мәдени бастамаларды қолдау – қордың жүйелі жұмыстарының бірі. Соңғы үш жылда «Samruk-Kazyna Trust» арқылы Қызылордада жаңа музей ашылып, Ә.Қастеев атындағы мұражай жаңғыртылды, Доссорда кітапхана-музей, Семейде зағип жандарға арналған арнайы кітапхана, Петропавл, Ақтөбе және Орал қалаларында креативті хабтар салынды. Сонымен қатар, Жаңаөзенде кітапхана құрылысы мен Талдықорғанда креативті хаб ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» 2027 жылы Вашингтонда өтетін Smithsonian Folklife Festival-іне Қазақстанның қатысуы үшін дайындық шараларына қолдау көрсетіп, елдің халықаралық мәдени кеңістіктегі рөлін нығайтуға үлес қосып келеді.
🔘
Работы 11 казахстанских мастеров представили на Венецианском биеннале при поддержке «Самрук-Қазына»
🌟Национальный павильон Республики Казахстан открылся на 61-й Международной художественной выставке La Biennale di Venezia в Италии. Генеральным спонсором выступил фонд «Самрук-Қазына» при содействии Министерства культуры и информации РК.
Венецианская биеннале с почти 140-летней историей по праву считается ключевой площадкой глобального арт-диалога. Раз в два года она собирает ведущих художников, кураторов и представителей культурных институций со всего мира, задавая повестку современного искусства.
❗️В этом году Казахстан представляет выставочный проект «Qoñyr: Архив тишины» Сырлыбека Бекбота. Экспозиция обращается к темам памяти, культурной преемственности, тишины и внутреннего звучания истории, раскрывая их через язык современного искусства. Павильон начал работу 9 мая и выставку работ 11 казахстанских мастеров ежедневно посещают около 1000 человек. Выставка будет открыта до 22 ноября 2026 года.
🌿Поддержка культурных инициатив — системная работа Фонда. За последние три года через КФ «Samruk-Kazyna Trust» открыт музей в Кызылорде и после ремонта обновлен музей им. А.Кастеева, построены библиотека-музей в Доссоре, спецбиблиотека для незрячих в Семее, креативные хабы в Петропавловске, Актобе и Уральске. Также идет строительство библиотеки в Жанаозене и создание креативного хаба в Талдыкоргане.
Кроме того, «Самрук-Қазына» поддержало подготовку Казахстана к участию в Smithsonian Folklife Festival 2027 в Вашингтоне, расширяя культурное присутствие страны на международной арене.