СОТ: КӨЛІК ЖУУ ОРНЫНДА АСА АУЫР ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ
▪️ Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты, адамдар тобы болып, бұзақылық ниетпен адам өлтірген, екінші адамды өлтіруге оқталған және бұзақылық жасаған екі сотталушыға қатысты қылмыстық істі қарады.
▪️Тергеу органымен:
- сотталушы О. ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігінің 9-тармағымен, 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтарымен айыпталған;
- сотталушы Қ. ҚК-нің 28-бабы 2-бөлігімен, 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігінің 1,7,9-тармақтарымен және 293-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған.
▪️ Сотпен анықталғаны:
2025 жылдың 29 қазанда Төлеби ауданы Зағамбар ауылындағы көлік жуу орнында сотталушы О. болмашы себеппен жәбірленуші С.-ны ұрып-соғып, кейін жәбірленуші С.-ның шақыруы бойынша оқиға болған жерге келген жәбірленушілер А.мен М.-да құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттер жасаған.
▪️Нәтижесінде алған дене жарақаттары салдарынан, жәбірленуші М. оқиға болған жерде қайтыс болған.
▪️Сотталушы О. одан әрі қылмыстық ойын жалғастыра отырып, жәбірленуші С.-ға бірнеше рет жарақаттар салып, оқиға орнынан бой тасалаған.
▪️Сотталушы Қ. сотталушы О.-ның әрекетіне кедергі келтірмей, қылмыс жасауына ықпал еткен.
▪️Тараптардың ұстанымы:
Прокурор, сотталушыларға 15 жылдан аса мерзімдерге бас бостандығынан айыруды сұрады.
▪️Сотта, сотталушы О. кінәсін ішінара мойындап, жеңіл жаза тағайындауды, ал сотталушы Қ. бұзақылық ниетпен жасалған кінәсін мойындап ол бойынша жеңіл жаза тағайындауды, ал қалған баптар бойынша кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
▪️Жәбірленушілер мен олардың заңды өкілі, сотталушыларды кешірмейтінін, оларға қатаң жаза тағайындауды талап етті.
▪️30.03.2026 жылы сот үкімімен:
О. кінәлі деп танылып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 20 жыл мерзімге;
Қ.15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушылардан жәбірленуші мен оның заңды өкіліне жалпы 25 млн. теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Түркістан облыстық сотының
Баспасөз қызметі