⚜️ Шилісайдағы жаңа мектеп
алғашқы оқушыларын қабылдады
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Шилісай тұрғын алабында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысты.
💬 «Қадірменді ата-аналар, аяулы ұстаздарымыз, ардақты шәкірттеріміз! Шилісай қаласының іргесіндегі бұл мектеп – жас бүлдіршіндердің білім алып, тәрбиеленетін ордасы. Бүгін осы мектептің есігін алғаш ашып отырған бүлдіршіндеріміздің әрқайсысы осы жерден білім алып, өз армандарына қадам басады деп сенеміз»,
– деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан.
🏫 Жаңа оқу жылында мектепке 110 оқушы қабылданды. Оның ішінде 14 оқушы — мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушылары. Жаңа мектептің ашылуы Шилісай тұрғын алабының балаларына заманауи әрі жайлы жағдайда сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымында оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
♻️ Мектепте заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері бар. Атап айтқанда, ұл балаларға арналған технология кабинеті түрлі құрал-саймандар, жабдықтар және құрылғылармен қамтылған. Бұл оқушыларға теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
🪇 Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қосымша білім беру аясында домбыра, би, қолөнер, автомодельдеу және сурет үйірмелері жұмысын бастады. Үйірмелер оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес жан-жақты дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
📚 Жаңа мектептің пайдалануға берілуі — Шилісай тұрғын алабы үшін маңызды әлеуметтік оқиға. Заманауи білім беру ұйымы балалардың сапалы білім алуымен қатар, өнер, шығармашылық және техникалық бағыттарда қабілеттерін дамытуына мүмкіндік беретін білім мен тәрбие орталығына айналады.
⸻
⚜️ Новая школа в Шилисае приняла первых учеников
Сегодня в жилом массиве Шилисай города Актобе введена в эксплуатацию новая школа на 600 мест, которая уже приняла своих первых учеников. В торжественной церемонии открытия принял участие заместитель акима Актюбинской области Жолдас Батырхан.
💬 «Уважаемые родители, дорогие учителя и наши юные ученики! Эта школа, расположенная в пригороде Шилисая, станет местом, где наши дети будут получать знания и воспитание. Верим, что каждый из малышей, впервые переступивших сегодня порог этой школы, получит здесь качественное образование и сделает первые шаги к своей мечте»,
– сказал заместитель акима Актюбинской области Жолдас Батырхан.
🏫 В новом учебном году в школу приняты 110 учеников. Из них 14 детей впервые переступили школьный порог и начали обучение в первом классе. Открытие новой школы позволит детям жилого массива Шилисай получать качественное образование в современных и комфортных условиях.
В образовательной организации созданы все необходимые условия для обеспечения безопасности и комфорта учащихся.
♻️ Школа оснащена современными учебными кабинетами, соответствующими всем требованиям. В частности, кабинет технологии для мальчиков оборудован необходимыми инструментами, оборудованием и устройствами. Это позволит учащимся сочетать теоретические знания с практикой и развивать трудовые и технические навыки.
🪇 Особое внимание уделено организации содержательного досуга детей, развитию их творческих и технических способностей. В рамках дополнительного образования начали работу кружки домбры, танцев, рукоделия, автомоделирования и рисования. Они позволят учащимся всесторонне развиваться, раскрывать творческий потенциал и с пользой проводить свободное время.
📚 Ввод в эксплуатацию новой школы — важное социальное событие для жилого массива Шилисай. Современная образовательная организация станет не только местом получения качественного образования, но и центром развития творческих, художественных и технических способностей подрастающего поколения.