🇰🇿Қазақстандық клубтар 2025/26 жылғы еурокубок маусымы қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдерін алды
Қазақстандық футбол клубтарына 2025/26 жылғы еурокубок маусымының қорытындысы бойынша УЕФА-дан ынтымақтастық төлемдері аударылды. Қаражат балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және клубтардың ойыншыларды даярлау жүйесін қолдауға бағытталған.
Ынтымақтастық төлемдері УЕФА белгілеген талаптарға сәйкес келетін 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының клубтары арасында бөлінді. Жалпы төлем көлемі 7 754 000 еуроны құрады. Әр клуб 596 461 еуродан алды.
Ынтымақтастық төлемдерін алған клубтар қатарында «Астана», «Тобыл», «Елімай», «Ақтөбе», «Жеңіс», «Ордабасы», «Оқжетпес», «Қызылжар», «Ұлытау», «Қайсар», «Жетісу», «Атырау» және «Тұран» бар.
«Қайрат» футбол клубы 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқандықтан, турнирге қатысқаны үшін жүлделік бонустар алды.
🇰🇿Казахстанские клубы получили солидарные выплаты от УЕФА за еврокубковый сезон 2025/26
Казахстанские футбольные клубы получили солидарные выплаты УЕФА по итогам еврокубкового сезона 2025/26. Средства направлены на развитие детско-юношеского футбола и поддержку клубной системы подготовки игроков.
Солидарные выплаты распределены между клубами-участниками Казахстанской Премьер-лиги сезона 2025, которые соответствуют установленным требованиям УЕФА. Общая сумма выплат составила 7 754 000 евро. Каждый клуб получил по 596 461 евро.
Получателями солидарных выплат стали «Астана», «Тобол», «Елимай», «Актобе», «Женис», «Ордабасы», «Окжетпес», «Кызылжар», «Улытау», «Кайсар», «Жетысу», «Атырау» и «Туран».
ФК «Кайрат», как участник общего этапа Лиги чемпионов УЕФА сезона 2025/26 получил призовые бонусы за участие в турнире.