Оқырманымнан осындай сұрақ келді, негізі сұрақ өте орынды және басқаларға да пайдалы болады деген ойдамын.
Сиз казыр криптовалюта алып жаткан жоксызба төмен багамен? Криптамен айналысасыз ба? әлде толық дивиденд акцияга көштіңіз бе?
Негізі қәзіргі медвежий рынокта крипта жайында айтсаныз жақсы болар еді.
Рахмет.
Жауабым:
1. Крипто алу жайлы:
Әрине, криптовалюта алуға болады, бағалар арзандап жатқанда. Тек, топ 100 ге кіретін жобаларды. Себебі, қәзіргі нарықтық ситуацияда кішкентай капитвлизациясы бар монеталардың скам болу рискі өте жоғары. Бұл қиын кезен аяқталады, бірақ нарық толық аяғынан тұрғанша көп жобалар скам болады. Қарапайым тілмен, әлсіз нарыққа керек емес жобалар, өледі. Бұл нарықтың тазару процесі.
2. Крипто арқылы табыс табу:
Табыс табу бойынша (мен бақылап қарағанда) 70-80% фьючерс саудасында немесе соған жақын бағыттарда жүр. Ал, мен фьючерс темасынан алыстадым. Ал, құлап жатқан нарықта спот саудасы оңай емес. Басқада бағыттар бар, бірақ ол жақта да жетісіп жатқан жоқ. Әрине, табыс табуға болады, бірақ оңай емес.
3. Дивиденд акцияға көшу:
Бұл қор нарығына толық көшу емес, вқшвмды бір жерде үстамау мақсатында жасаудамын. Біраз, ақшам қәзір крипто монеталарда жатыр (ұстап отырмын долгосрок) Енді, портфелімді диверсификация жасау үшін, қор нарығына да инвестиция жасаудамын. Мақсатым, пассивті табыс алу.
4. Аю нарығы:
Нақты қадам, топ-100 монеталарды BTC, ETH. BNB. SOL, TRX, TON, XRP жәй-жайлап ала беруге болады. Асығыстық танытпай!
Кстати, кім криптоның қай бағытында табыс тауып жатыр?
#сұрақ_жауап