Пока нет отзывов. Будьте первым, кто поделится своим опытом!
Последние посты
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
Выбежавшего на красный свет 13 летнего подростка сбила машина
❗️Жүргізуші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салатын сигналына жолға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы Қорғалжын тас жолы мен 128 көше қиылысында болған.
Оқиға салдарынан 13 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру жүргізілуде.
❗️Водитель автомобиля совершил наезд на несовершеннолетнего пешехода, который выбежал на проезжую часть на запрещающий сигнал светофора на регулируемом пешеходном переходе.
Дорожно-транспортное происшествие произошло на пересечении Кургальджинского шоссе и улицы 128.
В результате наезда 13-летний подросток получил телесные повреждения и был госпитализирован.
В настоящее время устанавливаются все обстоятельства произошедшего. Проводится проверка.
1,800
32
0
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
В Таразе в ДТП погиб подросток еще двое несовершеннолетних пострадали
❗️Тараз қаласында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы екі кәмелетке толмаған бала жарақат алды.
Қайғылы жағдай «Балташ» мейрамханасының қарсы бетінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы жасөспірім әкесінің рұқсатынсыз көлікті алып, достарымен қыдыруға шыққан.
Жамбыл даңғылы бойымен қозғалып келе жатқан жүргізуші көлік тізгінін игере алмай, бетон электр бағанасына соғылған.
Оқиға орнында 16 жастағы жолаушы, Тараз политехникалық колледжінің студенті қаза тапты. Тағы бір жасөспірім аяқ сүйегінің жабық сыну жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Ол №67 орта мектептің оқушысы. Ал көлік тізгіндеген жасөспірім бас-ми жарақаты мен ми шайқалу диагнозымен ауруханаға түскен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
❗️В городе Тараз произошло дорожно транспортное происшествие, в результате которого погиб подросток и еще двое несовершеннолетних получили травмы.
Трагедия случилась напротив ресторана Балташ. По предварительным данным, пятнадцатилетний подросток без разрешения взял автомобиль своего отца и отправился кататься вместе с друзьями.
Во время движения по проспекту Жамбыла водитель не справился с управлением и врезался в бетонную опору линии электропередачи.
На месте происшествия погиб шестнадцатилетний пассажир студент Таразского политехнического колледжа. Еще один подросток получил закрытый перелом ноги и был госпитализирован он является учеником средней школы номер 67. Сам водитель получил черепно мозговую травму и сотрясение мозга.
По данному факту начато досудебное расследование по части 3 статьи 345 Уголовного кодекса нарушение правил дорожного движения повлекшее по неосторожности смерть человека.
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
В школе №36 возбуждено уголовное дело после избиения несовершеннолетней
❗️№36 орта мектепте кәмелетке толмаған бірнеше қыз басқа бір кәмелетке толмаған қызды қатыгездікпен ұрып-соққан оқиға тіркелді. Бұл жайт бейнежазбаға да түсіп қалған.
Оқиғадан кейін жанжалға қатысқан оқушылар мектепішілік есепке қойылды. Олармен жеке профилактикалық және психологиялық жұмыстар жүргізілді.
Қатысушылардың ата-аналары кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Аталған факті бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
❗️В средней школе №36 произошёл инцидент с участием группы несовершеннолетних девочек, которые на видео с проявлением жестокости избивают другую несовершеннолетнюю.
После случившегося участницы конфликта поставлены на внутришкольный учёт. С ними проведена индивидуальная профилактическая и психологическая работа.
Родители участников привлечены к ответственности за ненадлежащее исполнение обязанностей по воспитанию несовершеннолетних.
По данному факту департаментом полиции города возбуждено уголовное дело.
1,750
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
Житель Алматы заявил о жестоком избиении после конфликта в бильярдном клубе
❗️Алматы тұрғыны бильярд клубтарының бірінде болған жанжалдан кейін күйеуінің қатты соққыға жығылғанын мәлімдеді.
Әйелдің айтуынша, ер адамдар арасындағы сөзге келіспеушілік кейін төбелеске ұласқан. Сол кезде оның күйеуін қолын байлап қойып ұрған. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері араласпай, полиция мен жедел жәрдем шақырмағанын айтты.
Кейін әйел күйеуін ауыр жағдайда алып кетіп, жедел жәрдемді өзі шақырған.
Қазір отбасы құқық қорғау органдарынан істі ерекше бақылауға алып, жанжалға қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беруді сұрап отыр.
❗️Жительница Алматы рассказала о жестоком избиении своего супруга после конфликта в одном из бильярдных клубов города.
По её словам, ссора между мужчинами переросла в драку, во время которой её мужа избивали со связанными руками. Женщина утверждает, что сотрудники заведения не вмешались и не вызвали ни полицию, ни скорую помощь.
Позже она забрала супруга с места происшествия в тяжёлом состоянии и самостоятельно вызвала медиков.
Сейчас семья просит правоохранительные органы взять дело под особый контроль и дать правовую оценку действиям всех участников конфликта.
1,690
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
После матча в Усть-Каменогорске между фанатами произошёл конфликт
❗️Өскеменде «Алтай» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жанкүйерлер арасында келіспеушілік туындады. Кездесу тең есеппен аяқталып, бұл чемпионаттағы көшбасшылар қатарындағы шымкенттік клуб үшін күтпеген нәтиже болды.
Куәгерлердің айтуынша, жанжалға кейбір көрермендердің арандатушылық әрекеттері себеп болған. Жағдай ушығып, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция араласуға мәжбүр болды.
Құқық қорғау органдары қақтығыстың алдын алып, оқиғаға қатысушылардың бірімен профилактикалық әңгіме жүргізді.
❗️После игры между «Алтаем» и «Ордабасы» в Усть-Каменогорске возникло напряжение среди болельщиков. Встреча завершилась ничьей, что стало неожиданным результатом для шымкентского клуба, занимающего лидирующие позиции в чемпионате.
По словам очевидцев, причиной перепалки стали провокации со стороны отдельных зрителей. Ситуация быстро накалилась, и полиции пришлось вмешаться для восстановления порядка.
Правоохранители пресекли конфликт и провели профилактическую беседу с одним из участников инцидента.
2,040
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
Старшеклассник избил учителя в школе
❗️Алматы облысының Қарасай ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мен мұғалім арасында жанжал болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы мұғалімге шабуыл жасап, оны соққыға жыққан. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары әзірге белгісіз.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.
❗️В Карасайском районе Алматинской области в одной из школ произошёл конфликт между учеником старших классов и учителем.
По имеющейся информации, школьник набросился на преподавателя и избил его. Причины и подробности произошедшего пока неизвестны.
В настоящее время полиция проводит расследование по данному факту.
1,820
38
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
🎥 Video
Женщина погибла под колёсами автомобиля в Кокшетау
❗️Көкшетауда тұрғын үй ауласына кіреберісте көлік әйел адамды қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тұрғындардың айтуынша, марқұм 12 жастағы баласын жалғыз тәрбиелеп келген.
❗️В Кокшетау при въезде во двор жилого дома автомобиль сбил женщину. От полученных травм она скончалась на месте.
В Департаменте полиции Акмолинской области сообщили, что по факту аварии возбуждено уголовное дело. Водитель задержана и помещена в изолятор временного содержания.
По словам жильцов дома, погибшая одна воспитывала 12-летнего ребёнка.
2,250
41
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
📷 Photo
В Темиртау на проспекте заметили обнажённую женщину
❗️Теміртау қаласында тұрғындар Республика даңғылында жалаңаш жүрген әйелді байқап, оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылған.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген. Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталған. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
❗️В Темиртау прохожие заметили на проспекте Республики женщину без одежды. На место прибыли сотрудники полиции.
Как сообщили в пресс-службе ДП Карагандинской области, патрульные установили личность нарушительницы и доставили в отдел полиции. Ею оказалась 27-летняя местная жительница.
По итогам медицинского освидетельствования выяснилось, что женщина находилась под воздействием наркотических веществ. В отношении неё возбуждено административное производство, материалы дела направлены в суд.
2,660
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
📷 Photo
В соцсетях обсуждают строительство ЖК «BAYAAN» рядом с больницей в Астане
❗️Әлеуметтік желілерде белсенді түрде таралып жатқан https://t.me/gosrating сәйкес, «BAYAAN» тұрғын үй кешенінің құрылысы туралы мәліметтер қызу талқылануда. Тұрғындардың айтуынша, NAK компаниясы салып жатқан бұл нысан Астана қаласындағы №2 қалалық аурухананың дәл іргесінде бой көтеруде. Қала тұрғындары жаңа тұрғын үй кешенінің салынуы медициналық мекемелерге қолжетімділікке кері әсер етіп, жол қозғалысын қиындатуы мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.
Мадина Курганбекова http://GosRating.com/ платформасында «BAYAAN» тұрғын үй кешенінің құрылысын тоқтатуды және елорда тұрғындары мен медицина саласының мүддесін қорғауды талап ететін петицияны іске қосты.
Өтініште көрсетілгендей, құрылыс жұмыстарының салдарынан ауруханаға кіріп-шығу жолы едәуір қиындаған.
Петицияны қолдап немесе қарсы дауыс беру үшін мына сілтеме арқылы өтуге болады: https://gosrating.com/2722.html
❗️В социальных сетях активно https://t.me/gosrating информация о строительстве жилого комплекса «BAYAAN» от компании NAK, который по словам граждан возводится практически в нескольких шагах от городской больницы №2 в Астане. По словам горожан, появление нового ЖК вызывает недовольство среди жителей, которые опасаются за доступ к медицинским объектам и высокую нагрузку на дороги.
Гражданка Мадина Курганбекова на платформе http://GosRating.com/ запустила петицию с требованием остановить строительство ЖК «BAYAAN» и защитить интересы жителей и медицинской сферы столицы.
Как утверждается в обращении, из-за строительства нового комплекса подъезд к больнице оказался сильно затруднён.
Проголосовать за или против петиции можно по этой ссылке: https://gosrating.com/2722.html
KöpSöz
16 мая 2026 г., 14:08
📷 Photo
В Алматы расследуют инцидент с 15-летней школьницей у Сайрана
❗️Алматы қаласында полиция Сайран көлі маңында демалып отырған 15 жастағы қызға қатысты түскен өтініштен кейін тергеу бастады. Жасөспірімнің айтуынша, бейтаныс ер адам оған жақындап, әңгіме бастауға тырысқан, бірге баруды ұсынып, тыйым салынған заттарды қолдануға үгіттеген.
Оқиғаны Threads желісінде оқушының анасы Елена Соколова бөліскен. Оның айтуынша, қызы орындықта отырған кезде әлгі ер адам алдымен маңайында жүрген, кейін қасына келіп, мазасын ала бастаған. Қыз бала ер адамды алдап, назарын басқа жаққа бұру арқылы одан құтылған.
Жазбадан кейін Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған, қазіргі уақытта оны ұстау шаралары жүргізілуде.
❗️В Алматы полиция начала расследование после обращения, связанного с 15-летней девочкой, отдыхавшей у озера Сайран. По словам подростка, неизвестный мужчина подошёл к ней, пытался завязать разговор, предлагал поехать вместе и уговаривал принять запрещённые вещества.
Историю в Threads рассказала мать школьницы Елена Соколова. Женщина сообщила, что дочь находилась на лавочке, когда незнакомец сначала ходил поблизости, а затем сел рядом и начал навязчиво общаться. Девочке удалось уйти от него благодаря тому, что она смогла отвлечь мужчину.
После публикации в департаменте полиции Алматы сообщили о возбуждении уголовного дела. Личность мужчины установлена, в настоящее время принимаются меры по его задержанию.
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
📷 Photo
Парень ранил 16-летнюю девушку ножом во время ссоры в ВКО
❗️Шығыс Қазақстан облысында жанжалдан кейін жасөспірім қыз пышақ жарақатын алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер шұғыл ота жасап, ішкі қан кету мен ағзалардың зақымданғанын анықтады. Олардың айтуынша, соққы өте күшті болып, омыртқаға дейін жеткен. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Күдікті ретінде 22 жастағы жігіті ұсталды. Ол ұсталып, қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр.
❗️В Восточно-Казахстанской области подросток получила серьёзные ножевые ранения после ссоры и была доставлена в больницу в критическом состоянии.
Врачи провели экстренную операцию, выявив сильное внутреннее кровотечение и повреждения органов. По их словам, удар был настолько мощным, что задел позвоночник. Сейчас состояние пострадавшей стабилизировалось, угрозы жизни нет.
Подозреваемым проходит 22-летний молодой человек девушки. Он задержан, ведётся расследование.
1,620
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
Мужчина попытался совершить самосожжение в Караганде
❗️Қарағандыдағы «Горняк» базарының жанында алаңдатарлық жағдай орын алды. Жанжал кезінде ер адам өзін өртеймін деп қорқытқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, дау саудагерге контейнерлерін алып кетуге рұқсат берілмегеннен басталған. Осыдан кейін 33 жастағы ер адам үстіне бензин құйып, өзіне қол салмақ болған.
Оқиға орнына жедел қызметтер келіп, полиция мен әкімдік өкілдері оны бұл ойынан айнытты.
Кейін ер адам әкімдікке жеткізіліп, онымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
❗️В Караганде возле рынка «Горняк» произошёл тревожный случай. Мужчина в ходе конфликта пригрозил поджечь себя.
По предварительным данным, спор возник из-за того, что торговцу не разрешили вывезти его контейнеры. В какой-то момент 33-летний мужчина облил себя бензином и заявил о намерении поджечься.
На место оперативно прибыли экстренные службы. Сотрудникам полиции и представителям акимата удалось вовремя вмешаться и убедить его отказаться от опасных действий.
После этого мужчину доставили в акимат, где с ним продолжают работать.
1,540
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
Весна только началась, а страсти уже кипят: пару задержали за интимом в Караганде
❗️Қарағандыда Бұқар-Жырау даңғылы бойындағы аулада ер адам мен әйел жылы күнді күтпей-ақ, орындықта интим әрекетке барған. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған.
32 жастағы ер адам мен 45 жастағы әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Оларды полиция ұстап, уақытша ұстау изоляторына жеткізді.
Жұпқа қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс сотқа жолданды.
❗️В Караганде во дворе на проспекте Бухар-Жырау мужчина и женщина решили не ждать тёплой погоды и устроили интим прямо на лавочке. Всё происходило на глазах у очевидцев.
Как выяснилось, 32-летний мужчина и 45-летняя женщина были в состоянии алкогольного опьянения. Их задержали полицейские и доставили в изолятор временного содержания.
На пару составили административные протоколы за мелкое хулиганство. Материалы уже направлены в суд.
1,640
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
«Премиум-мойка от LRT»: в Астане нашли новый способ мыть авто
❗️Астанада бір жүргізуші автомойкаға бармай-ақ, көлігін LRT құрылысынан аққан судың астында жуып алған. Видео желіде тез тарап, жұрт оны «ең экологиялық жуу» әрі «салықтың бонусы» деп әзілге айналдырды.
CTS компаниясының мәліметінше, су ағуы нөсерлік кәріз және су ағызу жүйелерін реттеу жұмыстары барысында пайда болған.
❗️В Астане водитель решил не тратиться на автомойку и устроил «премиум-сервис» прямо под струёй воды, стекающей с конструкции LRT. Видео быстро разлетелось по соцсетям, где пользователи уже окрестили это «самой экологичной мойкой» и «бонусом от налогов».
В компании CTS пояснили, что протечка возникла во время пусконаладочных работ - сейчас на объекте настраивают систему ливневой канализации и водоотведения.
1,610
26
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
Жестокое нападение в Актау: пострадавшего избили у ресторана
❗️25 наурыз күні таңертең Ақтауда Pinta мейрамханасы жанында бес адам бір кісіні соққыға жыққан. Оқиға шамамен таңғы сағат бестерде болып, жанжал тез арада қатыгез төбелеске ұласқан.
Мәліметке сәйкес, екі адам жерде жатқан ер адамды басынан тепкілеген. Күдіктілердің бірі – құқық қорғау қызметкерінің ұлы, бірақ полиция бұл жағдай тергеуге әсер етпейтінін айтты.
Қазір екі күдікті ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
❗️Утром 25 марта в Актау возле ресторана Pinta группа из пяти мужчин избила человека. Конфликт произошёл около пяти часов утра и быстро перерос в жестокую драку.
По данным, двое нападавших наносили удары по голове уже лежащему на земле мужчине. Среди участников оказался сын сотрудника правоохранительных органов, однако в полиции заявили, что это не повлияет на расследование.
Двое подозреваемых задержаны, возбуждено уголовное дело. Обстоятельства происшествия устанавливаются.
1,830
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
В Риддере женщина выбросила собаку из окна жилого дома
❗️Риддер қаласында Безголосов көшесінде көпқабатты үйдің үшінші қабатынан итті лақтырып жіберген.
Куәгерлердің айтуынша, жануар құлағаннан кейін қорқып, жолға жүгіріп шыққан. Кейін оны жергілікті тұрғын алып кеткен. Иттің аяғы сынған, оған ветеринарлық көмек қажет.
Оқиға бойынша полицияға арыз жазылды. Мән-жайы анықталуда.
❗️В Риддере на улице Безголосова произошёл жестокий инцидент. Из окна третьего этажа жилого дома выбросили собаку.
По словам очевидцев, животное упало на улицу и, испугавшись, выбежало на проезжую часть. Позже собаку забрала местная жительница. У неё обнаружен перелом лапы, ей требуется помощь ветеринаров.
По факту произошедшего подано заявление в полицию. Обстоятельства устанавливаются.
2,210
35
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
📷 Photo
Студентка скрывала беременность и после родов была осуждена
❗️Павлодар қаласында студент қыз жүктілігін ұзақ уақыт бойы құпия сақтап, оны ата-анасынан да, жақындарынан да жасырып келген. Өткен жылдың қазан айында ол жатақхананың жуынатын бөлмесінде дені сау қыз баланы дүниеге әкелген.
Сәбидің жылауы оның жағдайын әшкерелеп қояды деп қорыққан бойжеткен нәрестені матаға орап, тұншықтырып өлтірген. Соның салдарынан сәби қайтыс болған.
Сот барысында ол екі жыл бірге жүрген жігіті баланы қабылдамағанын айтты. Қорқыныш пен ұяттан ол ешкімге бұл туралы айта алмаған.
Нәтижесінде сот оны екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
❗️В Павлодаре студентка долгое время держала в тайне свою беременность о ней не знали ни родители, ни близкие. В октябре прошлого года она родила здоровую девочку в ванной комнате общежития.
Опасаясь, что плач ребёнка раскроет её тайну, девушка завернула младенца в ткань и задушила.
На судебном заседании она рассказала, что её молодой человек, с которым она встречалась два года, отказался принять ребёнка. Из-за страха и стыда она не решилась обратиться за помощью или рассказать кому-либо о своей ситуации.
В итоге суд назначил ей наказание в виде ограничения свободы сроком на два года.
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
📷 Photo
Казахстан переходит на цифровую таможню: внедряется система KEDEN
❗️Қазақстанда кеден жүйесін цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл бағыттағы негізгі жоба – KEDEN платформасы, ол бірнеше ескі жүйені алмастырып, барлық процесті бір цифрлық ортаға біріктіреді.
Жаңа жүйе қағаз құжат айналымынан бас тартуды, тәуекелі төмен жеткізілімдер бойынша автоматты шешім қабылдауды және адам факторын азайтуды көздейді.
Бөлім мәліметінше, жүйе арқылы жүздеген мың декларация рәсімделіп, экспресс-жүктер толық электронды форматқа көшірілген. Дегенмен, жүйеде техникалық мәселелер бар, олар кезең-кезеңімен түзетіліп жатыр.
Алдағы уақытта Қазақстан толықтай қағазсыз кеденге көшіп, процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін интеллектуалды шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр.
❗️В Казахстане продолжается цифровая трансформация таможенной системы и ключевым элементом стал проект KEDEN. Новая платформа заменяет сразу несколько прежних систем и объединяет весь процесс – от оформления до контроля – в единую цифровую среду.
Система предусматривает отказ от бумажного документооборота, автоматическое принятие решений по низкорисковым поставкам и снижение влияния человеческого фактора.
По данным ведомства, уже оформлены сотни тысяч деклараций и полностью внедрён электронный формат для экспресс-грузов. При этом в работе системы остаются технические сложности, которые поэтапно устраняются.
В перспективе Казахстан планирует полностью перейти к безбумажной таможне и внедрить интеллектуальные решения для повышения прозрачности и эффективности процессов.
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
📷 Photo
Цены растут быстрее зарплат: как меняется уровень жизни в Казахстане
❗️Соңғы бір жылда Қазақстанда өмір сүру айтарлықтай қымбаттады. Статистика деректеріне сәйкес, инфляция 12,3%-ға жетті, ал ең көп қымбаттаған — азық-түлік бағалары, олар 13%-дан астам өсті. Мысалы, ет бағасы 30%-ға дейін, май шамамен 18%-ға қымбаттаған.
Тұрғын үй, көлік және қызмет көрсету шығындары да артты. Жалға алу бағасы шамамен 15%-ға, бензин 15%-дан астам қымбаттады.
Сонымен қатар жалақы да өсті –орта есеппен 429 мың теңгеге дейін. Алайда бұл өсім инфляциядан төмен болды. Нәтижесінде халықтың нақты табысы шамамен 4–5%-ға төмендеді.
📌 Қорытынды қарапайым:
қағаз жүзінде табыс артқанымен, іс жүзінде адамдардың сатып алу мүмкіндігі азайды. Ал алдағы уақытта шығындарға түсетін қысым одан әрі күшеюі мүмкін.
❗️За последний год жизнь в Казахстане заметно подорожала. По данным статистики, инфляция достигла 12,3%, при этом сильнее всего выросли цены на продукты – более чем на 13%. Например, мясо подорожало до 30%, масло – почти на 18%.
Расходы на жильё, транспорт и услуги тоже увеличились. Аренда выросла почти на 15%, бензин – более чем на 15%.
При этом зарплаты действительно выросли – в среднем до 429 тысяч тенге. Но этот рост оказался ниже инфляции. В итоге реальные доходы населения снизились примерно на 4–5%.
📌 Итог простой:
формально люди зарабатывают больше, но фактически могут позволить себе меньше. И в ближайшее время давление на расходы может только усилиться.
KöpSöz
29 мар. 2026 г., 01:25
🎥 Video
Мужчина чудом выжил в крупном ДТП на трассе Алматы – Өскемен
❗️Жетісу облысында Алматы – Өскемен тасжолында жүк көлігі мен үш жеңіл автокөлік қатысқан жол апаты болды.
Апат салдарынан екі адам зардап шекті. Олардың бірі көлікте қысылып қалып, құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
Оқиға орнында өрт тіркелген жоқ. Апаттың мән-жайы анықталуда.
❗️В Жетысуской области на трассе Алматы – Өскемен произошло серьёзное ДТП с участием грузовика и трёх легковых автомобилей.
В результате аварии пострадали два человека. Один из них оказался зажат в машине – спасателям пришлось извлекать его с помощью специнструментов, после чего пострадавшего передали медикам.
Возгорания после столкновения не произошло. Обстоятельства аварии выясняются.
1,630
27
KöpSöz
27 мар. 2026 г., 16:17
📷 Photo
Алматы установил три мировых рекорда в дни Наурыза
❗️Тұңғыш Президент саябағында әлемдегі ең үлкен шаңырақ орнатылды – оның биіктігі 11 метрден, диаметрі 20 метрден асты. Сондай-ақ ұзындығы 100 метрден асатын сырмақ таныстырылды.
Тағы екі рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енді. Динара Сайдалина түйе үстінде садақ атып, 10 секундта төрт нысананы дәл көздеді. Ал Ернар Жасұзақ ат үстінде тік тұрып, қолсыз 500 метрді жоғары жылдамдықпен еңсерді.
❗️В Парке Первого Президента установили крупнейший в мире шанырак – более 11 метров в высоту и свыше 20 метров в диаметре. Также был представлен сырмак длиной более 100 метров.
Еще два рекорда вошли в Книгу Гиннесса. Динара Сайдалина поразила четыре мишени за 10 секунд, стреляя из лука с верблюда, а Ернар Жасузак преодолел 500 метров, управляя лошадью стоя без рук.
2,150
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
🎥 Video
Женщина погибла после обрушения столба освещения в Караганде
❗️Қарағандыда қайғылы оқиға орын алды. Жарық бағанасы әйелдің үстіне құлаған.
59 жастағы қала тұрғыны ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Алдын ала мәлімет бойынша, бағананы қоқыс таситын көлік қағып кеткен болуы мүмкін, содан кейін ол құлаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
❗️В Караганде произошёл трагический инцидент. На женщину обрушился столб освещения.
59-летнюю горожанку в тяжёлом состоянии доставили в больницу, однако спасти её не удалось.
По предварительным данным, столб мог быть задет мусоровозом, после чего конструкция рухнула. По факту гибели возбуждено уголовное дело, обстоятельства происшествия выясняются.
1,640
32
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
Пассажирка родила во время полёта из Астаны в Уральск
❗️Астана – Орал бағыты бойынша ұшу кезінде әйелде толғақ басталды.
Бақытымызға орай, ұшақ ішінде хирург дәрігер болып, ол қажетті көмекті жедел көрсетті. Нәтижесінде бортта ұл бала аман-есен дүниеге келді.
Қонғаннан кейін ана мен сәби дәрігерлерге тапсырылды, олардың жағдайы тұрақты. Бұл жағдай кез келген сәтте дер кезінде көрсетілген көмектің маңызын тағы бір дәлелдеді.
❗️Во время перелёта из Астаны в Уральск у одной из пассажирок начались роды.
К счастью, среди пассажиров оказался врач, который оперативно оказал необходимую помощь. В результате на борту благополучно родился мальчик.
После приземления женщину с ребёнком передали медикам, их состояние оценивается как стабильное. Случай стал примером того, как важна своевременная помощь даже в самых неожиданных ситуациях.
1,770
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
❗️Біздің редакциямыз сіздерді көктемнің жаңару мерекесі – Наурызбен шын жүректен құттықтайды! 🌷
Бұл жарқын мереке бірлік пен жақсылықтың белгісі. Әр шаңырақта жылулық, береке мен қуаныш орнасын, елімізде тыныштық пен тұрақтылық болсын.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Мереке құтты болсын!
❗️Наша редакция поздравляет вас с праздником весеннего обновления – Наурыз! 🌷
Этот светлый день символизирует начало нового, единство и добро. Пусть в каждом доме будет тепло, достаток и радость, а в стране – мир и стабильность.
Желаем вам крепкого здоровья, благополучия и успехов во всех начинаниях. С праздником!
1,660
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
Мужчина погиб, упав с моста на проспекте Аль-Фараби
❗️Алматыда Әл-Фараби даңғылында, Тұңғыш Президент саябағы маңында адам көпірден құлап, қаза тапты.
Алғашында әлеуметтік желілерде оны көлік қағып кетті деген ақпарат тараған, алайда кейін куәгерлер ер адамның көпірден құлағанын хабарлады. Бұл нұсқаны полиция да растады.
Аталған дерек бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.
❗️В Алматы на проспекте Аль-Фараби человек погиб после падения с моста возле Парка Первого президента.
Изначально в соцсетях распространялась информация о наезде автомобиля, однако позже очевидцы сообщили, что мужчина упал с моста. Эту версию подтвердили в полиции.
По данному факту возбуждено уголовное дело по статье «Доведение до самоубийства». Обстоятельства и причины произошедшего устанавливаются.
1,840
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
КТЖ и Huawei подписали соглашение о развитии цифровых решений
❗️ҚТЖ мен Huawei Қытайда өткен кездесуде теміржол саласына цифрлық технологияларды енгізу мәселесін талқылады.
Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректер және бұлтты шешімдерді енгізу бағыттарын қарастырды. Сонымен қатар жаңа буындағы байланыс жүйелерін дамыту және пойыз қозғалысын басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды.
Келіссөз қорытындысында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды. Ол қауіпсіздікті арттыруға, тасымал тиімділігі мен желінің өткізу қабілетін жақсартуға бағытталған.
Сондай-ақ тараптар мамандарды бірлесіп даярлау және білім беру бағдарламаларын дамыту жөнінде келісімге келді.
❗️КТЖ и Huawei обсудили внедрение цифровых технологий в железнодорожную отрасль в ходе встречи в Китае.
Стороны рассмотрели внедрение технологий искусственного интеллекта, больших данных и облачных решений. Также обсуждалось развитие связи нового поколения и современные системы управления движением поездов.
По итогам переговоров подписан протокол о сотрудничестве. Он направлен на повышение безопасности, эффективности перевозок и пропускной способности сети.
Также стороны договорились о совместной подготовке специалистов и развитии образовательных программ.
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
Подросток погиб в групповой драке с ножевым ранением в Актюбинской области
❗️Шалқарда 20 наурызға қараған түні топтық төбелес болып, оның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.
Полиция мәліметінше, жасөспірім пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Қақтығысқа қатысқандардың барлығы 17 жаста, олардың жеке тұлғалары анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы құқық қорғау органдарының бақылауында.
Марқұм жақында мектеп бітіріп, жұмыс істеп жүрген, әскерге баруға дайындалып, болашағына жоспар құрған.
❗️В Шалкаре в ночь на 20 марта произошла групповая драка, в результате которой погиб 17-летний юноша.
По данным полиции, подросток получил ножевое ранение и скончался. Все участники конфликта, которым, по информации полиции, по 17 лет, установлены и доставлены в отделение.
По факту произошедшего возбуждено уголовное дело. Расследование находится на контроле правоохранительных органов.
По словам родных, погибший недавно окончил школу, работал и готовился к службе в армии, строя планы на будущее.
1,530
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
Взрослый мужчина приставал к девочкам в автобусе в Усть-Каменогорске ❗️Куәгердің айтуынша, ересек ер адам 10–12 жастағы қыздарға тиісіп, оларға жақындауға тырысқан. Қорыққан балалар өз аялдамасына жетпей автобустан түсіп қалған. Жағдайды байқаған жолаушылардың…
1,520
37
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
Казахстан переходит к новой модели внешней политики
❗️Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Время» газетінде жаңа мақала жариялап, онда жаһандық өзгерістер аясында Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қайта құрылып жатқанын түсіндірді.
Оның айтуынша, бұрынғы «ешкіммен қақтығыспау» қағидатына негізделген модель бүгінде жеткіліксіз. Ірі державалар арасындағы бәсекелестік күшейген кезде ел үшін тек жақсы қарым-қатынас сақтау емес, барлық тарапқа бірдей қажет әрі пайдалы болу маңызды. Бұл – Қазақстанның түрлі күш орталықтарын байланыстыратын «желілік» саясатқа көшуі деген сөз.
Мұндағы негізгі идея қарапайым: ел әлемдік экономикалық және саяси байланыстарға қаншалықты терең кіріксе, оған қысым жасау соншалықты қиын болады. Қазақстан логистикалық, энергетикалық және дипломатиялық хабқа – негізгі ағындар мен мүдделер тоғысатын орталыққа айналуды көздейді.
Сонымен қатар ел Ресей, Қытай, АҚШ және Еуроодақпен қарым-қатынасты теңгерімді түрде дамытуды жалғастырып келеді. Бұл жаңа бағытты сарапшылар «многовекторлықтың 2.0 нұсқасы» деп атап, оны неғұрлым прагматикалық әрі нақты нәтижеге бағытталған саясат ретінде бағалап отыр.
Негізгі ой – Қазақстан енді әлемдік саясатта сырттай бақылаушы емес, өзгермелі әлемде өз орнын табуға ұмтылған белсенді ойыншы.
❗️Спикер Сената Маулен Ашимбаев представил новую статью газете «Время», в которой объяснил, как Казахстан перестраивает свою внешнюю политику на фоне глобальных изменений.
По его словам, прежняя модель «ни с кем не ссориться» уже не работает. В условиях конкуренции крупных держав стране важно не просто поддерживать хорошие отношения, а становиться полезной и незаменимой для всех сразу. Речь идёт о переходе к так называемой «сетевой» политике – когда Казахстан становится связующим звеном между разными центрами силы.
Идея проста: чем больше страна встроена в мировые экономические и политические связи, тем сложнее на неё давить. Казахстан стремится стать логистическим, энергетическим и дипломатическим хабом – точкой, через которую проходят ключевые потоки и интересы.
При этом страна сохраняет баланс, развивая отношения с Россией, Китаем, США и ЕС. Новый подход уже называют «многовекторностью 2.0» – более прагматичной и ориентированной на реальные выгоды.
Главный посыл: Казахстан больше не просто наблюдатель в мировой политике, а активный игрок, который пытается занять своё место в меняющемся мире.
KöpSöz
25 мар. 2026 г., 13:14
📷 Photo
6-месячный ребёнок скончался по дороге в больницу в Атырауской области
❗️Ресми мәліметке сәйкес, сәби Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылынан ентігу, жоғары температура және емуден бас тарту белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Тексеруден кейін дәрігерлер оны шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдаған. Түнгі уақытқа байланысты тасымалдау жедел жәрдем көлігімен жүргізіліп, жол шамамен бес сағатқа созылған.
Сәби ауруханаға тіршілік белгілерінсіз жеткізілген. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде. Денсаулық сақтау басқармасы тексерістің толық әрі ашық өтетінін мәлімдеді. Бұған дейін ата-анасы дәрігерлерді диагноз қоюдың кешіктірілуі мен емдеудің уақытында жүргізілмеуіне айыптаған.
❗️По официальным данным, малыш был госпитализирован из села Тасшагыл с жалобами на одышку, высокую температуру и отказ от груди. После обследования врачи приняли решение срочно перевезти его в областную больницу. Из-за ночного времени транспортировку осуществили на автомобиле скорой помощи, дорога заняла около пяти часов.
Ребёнок поступил в медучреждение без признаков жизни. Несмотря на реанимационные мероприятия, спасти его не удалось.
В настоящее время проводится экспертиза. В управлении здравоохранения заверили, что проверка будет полной и прозрачной. Ранее родители обвинили врачей в несвоевременной диагностике и задержке лечения.