"Актобе" - "Елимай". С одной стороны, все понятно. Реальный претендент на чемпионство и Кубок (по состоянию на 30.04.2026) едет в гости к претенденту больше записному (по состоянию на 30.04.2026). Красно-белые на данный момент не готовы физически (мы об этом пишем каждую игру), испытывают кадровый голод, а по некоторым позициям чуть ли не трещат по швам. "Елимай", наоборот, набрал форму. Вроде все ясно, если бы не одно но. "Актобе" в любом своём состоянии опасен, особенно против команд-лидеров, и особенно у себя дома.
"Кобланды батыр" для Казахстана арена легендарная, видела всякое. И плохие матчи, и хорошие. Сегодня может быть все: можно и проиграть, можно с треском вылететь из Кубка. А можно взять и хлопнуть "Елимай".
На самом деле по классу игроков команды сопоставимы, другое дело - их готовность на сегодня. Вот это вызывает вопросы. Впрочем, Штефан Таркович (ему точно не позавидуешь - команду не формировал, сборы не проводил, пришел на собранное другими) должен нивелировать эту разницу чем-то другим. Например, дисциплиной и самоотдачей. А ещё какими-то тактическими ходами. Ну и главное преимущество - 12-й игрок, который будет неистово поддерживать своих любимцев. Это всегда придаёт сил и не позволит играть спустя рукава. А если игроки будут идти в стыки, биться, бороться, не щадить себя, тогда и семейчане могут дрогнуть. Надеемся, так и произойдет. Неважно, как, неважно, за счёт каких компонентов, но "Актобе" должен не просто дать бой, а попытаться выйти в четвертьфинал. Случится так или нет, мы узнаем в 21.00 по всеказахстанскому времени.
⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️
«Ақтөбе» – «Елімай». Бір қарағанда бәрі түсінікті сияқты. Чемпиондық пен Кубокқа нақты үміткер (30.04.2026 жағдайы бойынша) қонаққа қағаз жүзіндегі үміткерге (сол күнгі жағдай бойынша) бара жатыр.
Ақ-қызылдар қазір физикалық тұрғыдан дайын емес (бұл туралы әр ойында жазып келеміз), құрамда тапшылық бар, кей позициялар тіпті «сынып» тұрғандай. Ал «Елімай», керісінше, бабына келіп алды. Бәрі анық сияқты… бірақ бір «бірақ» бар. «Ақтөбе» қай жағдайда да қауіпті команда. Әсіресе көшбасшыларға қарсы, әрі өз алаңында
«Қобыланды батыр» — Қазақстандағы аңызға айналған арена. Мұнда талай дүние болған: сәтсіз матчтар да, тарихи жеңістер де.
Бүгін де бәрі болуы мүмкін: жеңіліп, Кубоктан ойсырай шығып кету де ықтимал. Бірақ керісінше, бір серпіліп, «Елімайды» састырып жіберу де ғажап емес
Негізі, ойыншылар деңгейі жағынан командалар шамалас. Бірақ бүгінгі дайындық — басты мәселе. Дегенмен Штефан Таркович осы айырмашылықтың орнын басқа факторлармен толтыруы тиіс. Оған да оңай емес: команданы өзі жасақтаған жоқ, оқу-жаттығу жиындарын өткізген жоқ, дайын құрамға келді. Сондықтан тәртіп, жанкештілік және тактикалық шешімдер шешуші рөл атқаруы мүмкін.
Тағы бір үлкен күш — 12-ші ойыншы, яғни жанкүйерлер. Олардың қолдауы әрдайым командаға серпін береді, салғырт ойнауға мүмкіндік қалдырмайды. Егер футболшылар әр доп үшін күресіп, аянбай ойнаса, онда семейлік команда да қысымға түсуі мүмкін.
Қалай болғанда да, «Ақтөбе» жай ғана қарсылық көрсетіп қоймай, ширек финалға шығуға тырысуы керек. Қалай болатынын бүгін, 21:00-де көреміз.