A24 жаңа «Onslaught» постерлерді таныстырды
Сюжеттің ортасында құпия әскери базадан қашып кеткен генетикалық модификацияланған супер сарбаздар жасағымен күреске тартылған бұрынғы әскери мерген Селеста тұрады. Басты рөлді Адрия Архона сомдайды.
Фильмнің режиссері - "Годзилла және Конго" фильмімен танымал Адам Вингард. Сондай-ақ актерлер құрамында Дрю Старки, Дэн Стивенс, Алекс Перейра, Ребекка Холл және Майкл Бин бар.
«Onslaught» фильмінің премьерасы 2026 жылдың 4 қыркүйегінде өтеді.
569
5
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
Avengers: Doomsday фильмінен жаңа https://youtu.be/X1aFkAkFASk?si=lNxzoDT4BeCcc_bk
Marvel Studios Avengers: Doomsday фильмінің жаңа арнайы видеосын – Special Look ұсынды. Екі минуттан астам уақытқа созылатын роликте фильм кейіпкерлерінің жаңа кадрлары көрсетіліп, алдағы оқиғалардың атмосферасы ашыла түседі.
Avengers: Doomsday фильмінің әлемдік премьерасы 2026 жылғы 18 желтоқсанға жоспарланған.
430
4
0
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
Marvel жаңа «VisionQuest» сериалының https://youtu.be/oSVTAUKyrL8?si=c8zS3tl0Q539e8cuhttps://youtu.be/oSVTAUKyrL8?si=c8zS3tl0Q539e8cu
Marvel Television жаңа VisionQuest сериалының ресми трейлерін ұсынды.
Сериал Виженнің оқиғасын жалғастырады. Сюжетте кейіпкер өз естеліктерін қалпына келтіріп, өзінің кім екенін және өткенін түсінуге тырысады. Трейлерде Виженмен бірге таныс кейіпкерлер мен жаңа тұлғалар да көрсетілген.
VisionQuest сериалының премьерасы 14 қазанда тек Disney+ платформасында өтеді.
433
4
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
Энн Хэтэуэй мен Дакота Джонсон ойнайтын «Verity» фильмінің https://youtu.be/xdPMKhjMSFs?si=dzZKOMfFQr81VX2V шықты
Колин Гувердің аттас романының желісі бойынша түсірілген «Verity» психологиялық триллерінің жаңа трейлері шықты. Басты рөлдерді Энн Хэтэуэй, Дакота Джонсон және Джош Хартнетт сомдайды.
Фильмнің кинотеатрлардағы премьерасы 2026 жылдың 2 қазанына жоспарланған.
562
5
0
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
Николас Холт «Гарри Поттер» сериалында Гилдерой Локхартты сомдайды
Николас Холт HBO-ның «Гарри Поттер» сериалының екінші маусымына қосылды. Актер Хогвартстағы қараңғы өнерден қорғану пәнінің жаңа мұғалімі, өзін атақты сиқыршы ретінде танытатын Гилдерой Локхарттың рөлін сомдайды.
Екінші маусым «Гарри Поттер және Құпия бөлме» кітабының оқиғаларына негізделеді. Бірінші маусымның премьерасы 2026 жылғы 25 желтоқсанда HBO және HBO Max платформаларында өтеді.
491
6
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
«Possession» фильмінің ремейкі 2027 жылы жарыққа шығады
1981 жылғы культтік психологиялық хоррордың жаңа нұсқасында басты рөлдерді Маргарет Куэлли мен Каллум Тёрнер сомдайды. Фильмді «Улыбка» картинасымен танылған Паркер Финн түсіреді.
Оқиға ажырасу туралы шешім қабылдаған ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді. Әйелінің мінез-құлқы барған сайын жұмбақ әрі қорқынышты бола бастағаннан кейін, күйеуі оның артында әлдеқайда тылсым күш тұрғанын түсінеді.
Фильмнің премьерасы 2027 жылғы 11 маусымға жоспарланған.
503
5
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
Дияр Нұрғожай қарсыласын раундтың соңғы секундында нокаутқа түсірді
Қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жарқын жеңіске жетті. Жартылай ауыр салмақтағы жекпе-жекте ол бразилиялық Бруно Лопеспен кездесті.
Нұрғожай қарсыласын бірінші раундтың аяқталуына бір секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңді. Бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі қатарынан екінші жеңісі болды.
690
10
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
Джейкоб Элорди Ари Астердің жаңа «Scapegoat» фильміне қосылды
Джейкоб Элорди А24 студиясы түсіретін Ари Астердің жаңа фильмі «Scapegoat» жобасында Скарлетт Йоханссонға серіктес болуы мүмкін. Актер қазір жобаға қосылу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Фильмнің сюжеті әзірге құпия сақталуда. Астер картинаның сценарийін өзі жазып, режиссерлік етеді. Жоба оның A24-пен кезекті бірлескен жұмысы болмақ.
659
7
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
Рыбакина хардтағы WTA 1000 турнирлеріндегі жеңіс саны бойынша әлемнің үздік үштігіне енді
Елена Рыбакина 2022 жылдың басынан бері WTA 1000 санатындағы хард жабындысындағы турнирлерде ең көп жеңіске жеткен теннисшілердің үздік үштігіне кірді. Торонтода өткен турнирде Дарья Касаткинаны жеңгеннен кейін қазақстандық спортшының бұл көрсеткіші 72 жеңіске жетті.
OptaAce статистикалық порталының мәліметінше, осы кезеңде тек Ига Швёнтек (85) пен Джессика Пегула (78) ғана одан көп жеңіске қол жеткізген. Сондай-ақ Касаткинаны жеңуі Рыбакина үшін 2026 жылғы маусымдағы 35-жеңіс болды.
893
12
madeniet
19 de ago. de 2026, 07:12
📷 Photo
«Five Nights at Freddy’s» әлемі шынайы пиццерияға айналады
«Five Nights at Freddy’s» франшизасы негізінде шынайы Freddy Fazbear’s Pizza мейрамханасы ашылады. Ол 2027 жылы АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласында жұмысын бастайды.
Жоба ойын франшизасының иесі ScottGames компаниясымен бірлесіп жасалады. Пиццерияда Фредди және Fazbear Band қатысатын негізгі сахна, сондай-ақ Foxy the Pirate Cove болады. Келушілер тамақтанып қана қоймай, аркада ойындарын ойнап, аниматроникалық шоуларды тамашалай алады.
Жоба ойын атмосферасын шынайы өмірге көшіруге бағытталған.
711
10
madeniet
17 de mai. de 2026, 17:14
📷 Photo
4 мая завершился финальный сезон дорамы «Клетки Юми». После четырёхлетнего перерыва сериал вновь оказался в топах и три недели подряд удерживал лидерство по количеству новых платных подписчиков на платформе TVING.
«Клетки Юми» – экранизация популярного вебтуна, что-то среднее между романтической дорамой и «Головоломкой» для взрослых.
Кинокритикесса Алтынай Момбекова разбирается, почему сериал заслужили редкий для жанра третий сезон и за что зрители полюбили эту историю.
120
2
madeniet
17 de mai. de 2026, 17:14
📷 Photo
На этой неделе начался 79-й Каннский кинофестиваль. Одной из самых ожидаемых премьер смотра стала третья картина режиссёра Кантемира Балагова «Варенье из бабочек», открывшая программу «Двухнедельник режиссеров».
О том, каким получился фильм рассказывает кинокритик Ораз Керейбаев.
134
1
madeniet
17 de mai. de 2026, 17:14
📷 Photo
Prime Video «Boys of Tommen» сериалының актерлік құрамын жариялады
Prime Video BookTok-та танымал болған Хлои Уолштың «Boys of Tommen» романдары негізінде түсірілетін сериалдың актерлік құрамын ресми түрде таныстырды.
Сериалдың нақты премьера күні әзірге жарияланған жоқ. Алайда жоба қазірдің өзінде Prime Video платформасындағы ең күтілетін жастар драмаларының бірі атанып үлгерді.
109
2
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
🎥 Video
Directed by | https://t.me/aitorezholdasqali
Айторе Жолдасқали Jeltoksan. Jaiykpen Juzdeskende клипін қайта қарап, оның визуалды әлемі қалай құрылғанын еске алады.
Бұл шығарылымда – дайын жұмысқа режиссер көзқарасы: клиптің артында тұрған идеялар, қабылданған шешімдер және кадрға жасырылған детальдар.
488
4
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
📷 Photo
19 марта состоялась премьера фильма «Проект „Конец света“» — экранизации одноимённого романа Энди Уира. Режиссёры Фил Лорд и Кристофер Миллер выстроили на этой основе зрительское и эмоциональное кино. Главную роль исполнил Райан Гослинг.
Фильм сразу показал успешный кассовый старт, собрав $12 млн на предпоказах, около $80 млн за первый уикенд в США и почти $140 млн по миру — став одним из самых сильных запусков года.
Кинокритикесса Алтынай Момбекова — рассказывает о, возможно, самом оптимистичном фильме о конце света.
124
5
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
📷 Photo
T. O. P «ANOTHER DIMENSION» атты алғашқы студиялық альбомының трек-листін жариялады
1. SELF CRUCIFIXION
2. THE GIANT
3. Studio54
4. A SMALL, FILTHY SHOW WINDOW
5. ZERO-COKE
6. Another Dimension Holy Dude !!!!!!!!!!
7. SEOUL CHAOS
8. DESPERADO
9. FOR FANS
10. STENDHAL SYNDROME
11. BE SOLID
100
0
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
CultDep – киноны ішінен ашатын подкаст форматы. Әр шығарылымда жобаға қатысқан негізгі тұлғалар идеядан бастап, өндіріс процесі мен көркемдік шешімдерге дейінгі жолды талқылайды.
Жаңа шығарылымның өзегінде – «MUNAI» сериалы.
Толық шығарылым YouTube-та!
https://youtu.be/jLuj6UXQfOo
157
4
0
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
HBO-ның Harry Potter сериалының алғашқы трейлері шықты
HBO Harry Potter сериалының алғашқы https://youtu.be/RIu4sFKGi6E?si=Tk_YDECGAAEGW0mX жариялады.
Сериалдың дебют маусымы «Harry Potter and the Philosopher’s Stone» деп аталады. Жоба 2026 жылдың желтоқсанында HBO және HBO Max платформаларында көрерменге жол тартады.
188
1
0
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
📷 Photo
Адам Сэндлер жаңа драмалық фильмде ойнайды
Адам Сэндлер режиссер Скотт Купердің жаңа «Time Out» психологиялық драмасында басты рөлді сомдайды. Фильм Netflix платформасы үшін түсіріліп жатыр.
Сюжет жұмыстан айырылғаннан кейін шындықты отбасынан жасырып, өтірікке шырмала бастайтын Винсент есімді кейіпкер төңірегінде өрбиді. Жобаға сондай-ақ Уиллем Дефо, Гэби Хоффман, Ф. Мюррей Абрахам, Стив Зан және Адам Хоровиц қатысады.
178
2
madeniet
28 de mar. de 2026, 03:18
🎥 Video
7 mańyzdy zat
Фариза Ескермес өміріндегі 7 маңызды зат. Әр зат – жеке тарихының бір бөлігі: естеліктер, жылы сезімдер және қайта оралғың келетін сәттер.