Әлі пікір жоқ. Өз пікіріңізбен бөлісетін бірінші болыңыз!
Соңғы посттар
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
📷 Photo
«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Атыраудағы https://builtex.kz/ компаниясының өндірістік алаңына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Компания мұнай-газ және мұнай өңдеу салаларына арналған күрделі жабдықтар, соның ішінде жылу алмастырғыштар мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар шығарады. 40 мың шаршы метр аумақты алып жатқан өндіріс орны жылына 25-ке дейін жаңа жылу алмастырғыш пен қысым ыдысын шығара алады. Өндірістің салмағы 170 тоннаға дейін, диаметрі 3,5 метрге дейін, ұзындығы 70 метрден асатын жабдықтар жасауға мүмкіндігі бар.
Мұндай өндірістер Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларындағы отандық қамтуды арттырып, күрделі өнеркәсіптік жабдықтарды ел ішінде шығаруға мүмкіндік береді.
267
12
0
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
📷 Photo
🍎🚫 Қазақстанда алма импортына уақытша тыйым салынуы мүмкін
📅 Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін шетелден алма әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр.
🌍 Шектеу үшінші елдерге де, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты болады.
🚛 Алайда транзиттік тасымалға шектеу қойылмайды — Қазақстан арқылы басқа елдерге өнім жеткізуге рұқсат беріледі.
❓Бұл шешім отандық бағбандарға қалай әсер етеді? Ал дүкендердегі алма бағасы өзгере ме?
699
22
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
🎥 Video
❓Жазғы лагерьге кімдер тегін барады?
Осы жазда балалар үшін жүздеген мектеп жанындағы алаңдар мен лагерьлер ашылады. Оған әлеуметтік осал санаттағы балалар тегін барады. Тізімге нақты кімдер енеді?
Сауалға Оқу-ағарту министрлігі тәрбие және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысы Алтай Рахимберлин жауап берді.
934
4
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
🌟Отандық өндірістің дамуын бақылау және жергілікті кәсіпкерлікті қолдау аясында https://t.me/Atamekennews басшылығы отандық агроөнеркәсіп кешені үшін бірегей нысан – «ECO GLADE» саңырауқұлақ кешеніне барды. Кәсіпорын жылына 2 400 тонна саңырауқұлақ пен 4 000 тонна компост өндіруге қауқарлы. Сапар барысында кешен басшылығы алғашқы өнімді жинаудың технологиялық циклін таныстырып, субстратты дайындау процестері сияқты өндірістің негізгі ерекшеліктерін жан-жақты таныстырды.
Қазақстанда сирек кездесетін осындай бірегей кәсіпорындардағы жұмыс барысының ұйымдастырылуы жайында бүкпесіз әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
Бейнебаянның толық нұсқасын «Атамекен» ҰКП YouTube-арнасынан сілтеме арқылы көре аласыздар:
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=64AchACdMtc&t=81s
949
3
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
📷 Photo
«High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» ЖШС
( https://kz.hillcorporation.kz/) -бұл Қазақстан Республикасындағы жағармай материалдарының жетекші өндірушісі, елімізді әлемдік аренада мақтанышпен таныстырамыз.
1998 жылы негізі қаланған біздің компания майлау материалдарының трейдері ретінде жолды бастады, сауда жолынан өтіп, қозғалтқыш майлары, беріліс қорабы, Гидравлика және пластикалық майларды қоса алғанда, майлау материалдарының өз ассортиментінің толық өндірушісі болды.
2010 жылы тауарлық майлау майларын құрастыру зауыты - Қазақстандағы осындай алғашқы зауыт салынды және іске қосылды.
2018 жылы пайдаланылған майларды қайта өңдеу және пластикалық майларды өндіру кешенін салу арқылы біздің позициямызды нығайтты.
Біздің өсу мен дамуға деген ұмтылысымыздың аясында Литвада жағармай материалдарын түпкілікті ала отырып, пайдаланылған майды қайта өңдеу (регенерациялау) бойынша өндірістік кешен салу - біздің жаңа жобамызды жариялауға қуаныштымыз.
https://kz.hillcorporation.kz/
1,260
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 11 қыр., 15:23
🎥 Video
BAYAN SULU — бұл кондитерлік өнімдерді өндіретін ең ірі қазақстандық кәсіпорын. Аталған фабрика 1974 жылдың желтоқсанында құрылып, 50 жылдан астам уақыт бойы өз клиенттерін дәмді өнімдерімен қуантып келеді. BAYAN SULU өнімдер қатарында шоколад пен карамельден…
Қазақ баласы "Барселонада" доп тебеді
⚽️ Mundo Deportivo ақпаратына сенсек, 15 жасар Карим Меңдіқанов "Барселона" ойыншысы атануға жақын. Қос тарап келісімшартқа қол қойған. Ойыншы келесі жылы клуб сапына қосылады.
1,350
35
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 27 там., 15:14
🎥 Video
🌟ASMR BUSINESS 🎧
🪵Ағаштың иісі…
Әр дыбыс — еңбек…
Осылай сапа дүниеге келеді.
Қызылорда облысы, Қазалы
«Қазалы ағаш бұйымдары»
____
🌟ASMR BUSINESS 🎧
🪵Запах дерева…
Каждый звук — это труд…
Так рождается качество.
Кызылординская область, Казалы
«Казалинские изделия из дерева»
1,370
26
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 27 там., 15:14
📷 Photo
Жамбыл облысы: өңірдің индустриялық драйвері
Жұмыс сапары аясында Президиум Төрағасы Қанат Шарлапаев өңірдегі тұрмыстық химия нарығының негізгі ойыншыларының бірі – https://t.me/Atamekennews өндірістік алаңында болды.
Кәсіпорын туралы маңызды деректер:
👤 Көшбасшылық: Рано Шадыханованың жетекшілігімен компания заманауи технологиялық өндіріске айналды.
🧪 Өнім түрі: ассортиментте 100-ден астам өнім бар — экологиялық таза кір жуғыш заттардан бастап, клинингке арналған қуатты тазартқыштарға дейін.
📈 Ауқымы: зауыт жыл сайын 300 тонна дайын өнім шығарып, бөлшек сауда желілері мен мемлекеттік сектордың қажеттіліктерін өтеп отыр.
«Мұндай жобаларды дамыту — импортты алмастыруға жасалған нақты қадам. Супермаркет сөрелерінде әлемдік аналогтардан кем түспейтін Made in KZ брендімен өз өніміміздің тұруы — бұл отандық бизнестің жетістігі», - деді Қанат Шарлапаев.
Бүгінгі таңда жергілікті өндіріс — бұл өңір экономикасының негізі және әрбір отбасы үшін сапа кепілі.
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 27 там., 15:14
📷 Photo
Компания TeploCom бес жылдан астам уақыт бойы полиуретанды көбікті оқшаулағышы бар (ППУ оқшаулағыш) құбырлар мен фасонды бұйымдар шығарумен айналысып келеді.
🔘Өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін компания өндірісті кең ауқымды жаңғыртып, заманауи жабдықтар сатып алды. Соның ішінде негізгі жабдықтардың бірі – ПК-450 құю машинасы. Бұл жоғары дәлдіктегі қондырғы өндірістің ең күрделі кезеңдерінің бірі – құбырлар арасындағы кеңістікті пенополиуретанмен толтыру процесін автоматтандырады.
Жаңа жабдықтың жалпы құны 87,6 млн теңгені құрады. QazIndustry мемлекеттік қолдау шаралары аясында компания шығындарының 40%-ын, яғни 35 млн теңгесін өтеп берді.
📊Жаңғырту нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік қуаты айтарлықтай артты. Құбыр өндірісі 2 есеге, ал фасондық бұйымдар өндірісі 1,5 есеге өсті.
https://teplocom.kz/
1,290
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 3 сәу., 07:48
📷 Photo
2002 жылы құрылған «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ — Қазақстандағы жетекші отандық дәрілік заттарды өндіруші, сонымен халықаралық NOBEL Pharmaceuticals холдингінің бөлігі.
Кәсіпорын Алматы қаласында 10 мың шаршы метрден астам аумақты алып жатыр.
«Нобель АФФ» АҚ-да қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік заттарды өндіретін арнайы 6 өндірістік цех (бөлім) бар.
Компанияның бір жылдық өндірістік қуаты 750 млн. таблетка, 250 млн. капсула, 20 млн. сироп пен суспензия флакондары, 10 млн. кремдер мен гельдер түтікшелерін құрайды.
Бүгін «Нобел АФФ» АҚ-ның өнімдерінің ассортименті 300-ге жақын дәрілік заттардан тұрады. Бұл жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйесін, асқазан-ішек жолдарын ауруларын емдеуге арналған, бактерияға қарсы, вирусқа қарсы, зеңге қарсыб қабынуға қарсы, ауыртпайтын, қызуды басатын және тағы басқа дәрілік заттар.
https://www.nobel.kz/kz
1,030
Қазақстанда жасалған
2026 ж. 3 сәу., 07:48
📷 Photo
https://t.me/khabartv_kz КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРЫС КЕСТЕСІН ҰСЫНАМЫЗ.
Қазақстан спортшылары Олимпиадада шорт-трек, биатлон, конькимен жүгіру, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, фристайл, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы және трамплиннен секіру сынды спорт түрлерінде ел намысын қорғайды.
Қазақстан спортшыларына біздің арнамен бірге жанкүйер бол. Ұлттық құраманы қолда!